Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды
Футбол
sports.ru
Италиялық "Кальяри" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреа Капоне 44 жасында қайтыс болды. Оның денесі бүгін таңертең қонақүйден табылды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Кальяри" клубының баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"Экс-футболшының денесі жексенбі күні таңертең Кальяри қаласындағы қонақүйден табылды. Ол достарымен кештен кейін қонақүйде түнеген және болжам бойынша, құлап, басынан жарақат алған", - делінген ақпаратта.
"РИА Новости" мәліметінше, алдын ала нұсқа бойынша 43 жастағы Капоне кездейсоқ баспалдақтан құлап, басынан соққы алған.
Андреа Капоне "Кальяри" командасынан бөлек, Капоне "Сору", "Тревизо", "Виченца", "Гроссето" және "Салернитана" клубтарында ойнаған. 2001 жылы ол Италияның жастар құрамасында да өнер көрсеткен.