Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Түркістан облысының 29 спортшысы бақ сынайды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Түркістан облысының 29 спортшысы бақ сынайды
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл 8-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге Түркістан облысынан 29 спортшы қатысып, ел намысын қорғайды. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Олар 13 спорт түрінен жүлдеге таласатын болады. Атап айтқанда, аударыспақ, асық ату, ордо, алыптар сайысы, жамбы ату, көкпар, көк бөрү, құсбегілік, теңге ілу, овари, қазақ күресі, алыш, корэш.

Көшпенділер ойындарына жолдама алған спортшылар жыл басынан бері оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, дайындықтарын пысықтауда.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2 800 спортшы мен ресми делегация мүшелері келеді деп жоспарланған. Қатысушылар спорттың 21 түрінен 97 медальді өзара сарапқа салатын болады.