Попко Польшадағы жарысты жеңіспен бастады
Теннис
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Польшаның Щецин қаласында «Челленджер» жұптық сайысының сазды сериясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Bassport Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы италиялық теннисші Андреа Пеллегриномен бірге, неміс дуэті Якоб Шнайттер – Марк Уолнерге қарсы ойнап, екі сетте жалпы 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 19 минутқа созылып, 1/8 финалдық кезеңде өтті.
Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы бүгінде әлемдік ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) жұптық рейтингінде 517-ші орында тұр.