Қазақстанда алғаш рет спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалы өтеді

Қазақстанда алғаш рет спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалы өтеді
Басқа

Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы

2024 жылы 15 мен 20 қыркүйек аралығында Астанада 2024 ICPC World Finals спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатының 48-ші финалы өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Осылайша, студенттік бағдарламалау бойынша ең беделді жарыстар алғаш рет Орталық Азияда өткізілмек. 111 ел мен 3 000 университет атынан қатысқан 70 000 команданың ішінен іріктеу кезеңінде Гарвард, Стэнфорд, MIT, Оксфорд, Кембридж және т.б. әлемнің беделді университеттерінің 142 командасы финалға шықты.

Қазақстан атынан еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бес командасы қатысады. 19 қыркүйек күні финалға шыққандар бес сағаттық сайыста бағын сынайды. Қазақстандық Батыр Сардарбеков 2023 жылы өткен ICPC World Finals турнирінде еліміз үшін алғашқы тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл жетістік Қазақстандағы спорттық бағдарламалау мен IT саласының дамуындағы маңызды көрсеткіш болды және бағдарламашылардың жаңа буынын шабыттандырды. ICPC World Finals ойынына қатысу IT саласында жоғары бағаланады, спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалистері Google, Meta, Huawei және т.б. компаниялармен серіктестік орнатуға мүмкіндік алады.

16 қыркүйек күні Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғалары мен жетекші әлемдік IT көшбасшыларының қатысуымен 2024 ICPC World Finals іс-шарасының салтанатты ашылуы өтеді. Чемпионаттың құрметті қонақтары қатарында: ICPC президенті Билл Паучер, Freedom Holding Corp. компаниясының CEO-сы Тимур Турлов, Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин, Huawei, JetBrains компанияларының өкілдері және т.б.

Сонымен қатар чемпионаттың іс-шаралар бағдарламасына Huawei Challenge және JetBrains Challenge бар – ол бағдарламашыларға жетекші IT-компаниялар ұсынатын күрделі тапсырмаларды шешу бойынша жарыстар.

Іс-шаралар бағдарламасы: ​

15 қыркүйек – Жиналу және қатысушыларды тіркеу ​

16 қыркүйек, 16:30 – Салтанатты ашылу, ҚР Президенттік орталығы ​

17 қыркүйек – Huawei, JetBrains серіктестерінің презентациясы мен челлендждері ​

18 қыркүйек, 11:00-13:00 – ICPC финалына дайындық ​

19 қыркүйек, 11:00 – 16:00 – ICPC финалы, Конгресс центр ​

19 қыркүйек, 14:00 – Чемпионат ұйымдастырушыларының қатысуымен өтетін баспасөз конференциясы

19 қыркүйек, 16:30 - 18:30 - Марапаттау рәсімі, Конгресс центр ​

20 қыркүйек – қатысушылардың жолға шығатын күні

2024 ICPC World Finals іс-шарасына аккредитация алу үшін өтінімді толтырып, толық аты-жөніңізді, жарияланымыңызды, лауазымыңызды, байланыс ақпаратыңызды (WhatsApp телефон нөмірі, e-mail), хаттың тақырыбын Accreditation ICPC деп белгілеп, [email protected] электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Аккредиттеуге өтінімдер 2024 жылдың 13 қыркүйегі сағат 16:00-ге дейін қабылданады.

2024 ICPC World Finals ашылу салтанатынан басқа барлық іс-шаралар EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді. Қазақстан командалары 20 жылдан бері International Collegiate Programming Contest (ICPC) спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатына белсенді түрде қатысып келеді. Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы 2023 жылы құрылды, ұйымның алғашқы маңызды жобасы сол жылы ұйымдастырылған – ол 3 450 қатысушыны қамтыған спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионаты болды. Содан бері Қазақстан бойынша федерацияның 11 өкілдігі ашылды, 400-ге жуық студенттер мен мектеп оқушылары және 592 информатика мұғалімі оқыту мен жарыстарға қатысты. Федерация IT саласын белсенді түрде дамытып келеді, еліміздегі спорттық бағдарламалауды дамытуға үлкен көңіл бөледі, қазақстандық командалардың халықаралық жарыстарға қатысуына ықпал етеді және Астанадағы ICPC World Finals турнирінің ұйымдастырушысы саналады.

Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бас серіктестері – Freedom Holding Corp., «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының қолдауымен.

2024 ICPC World Finals демеушілері – Huawei, JetBrains.