«Қайрат» командасының бас бапкері Кержаков қызметінен кетті

«Қайрат» командасының бас бапкері Кержаков қызметінен кетті
Футбол

Қайрат ФК

Ресейлік маман Александр Кержаков «Қайрат» клубындағы бас бапкерлік қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. 

Александр мамыр айында «Қайраттың» тізгінін ұстаған болатын. Аталған жаттықтырушының жетекшілігімен алматылық клуб 12 ойында 6 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте тең түсіп, 3 рет қарсыластарынан жеңілді. 

Команданы маусым соңына дейін қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтин жаттықтырады.