Қыруар қаржыға салынған «Түркістан Арена» стадионы қайта пайдалануға берілді

Қыруар қаржыға салынған «Түркістан Арена» стадионы қайта пайдалануға берілді
Футбол

Ашық дереккөз

Күрделі жөндеуге жабылған «Түркістан Арена» стадионы маусым ортасында қайта пайдалануға берілді. Бұл туралы «Тұран» футбол клубының Instagram-дағы парақшасында жазылған, деп хабарлайды Bassport.kz. 

16,7 млрд теңгеге салынған спорттық нысан 2021 жылы ашылып, бір ойыннан кейін сыр берген еді. Стадиондағы матч кезінде жаңбыр жауып, футболшылар судың үстінде дрп тепкен болатын. Мұнан кейін стадион қайта жабылып, миллиардтаған ақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте «Түркістан Аренада» Қазақстан Премьер-лигасының ХХ туры аясында ресми ойын өтеді деп жоспарланған. Жергілікті «Тұран» командасы қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.

Бір қызығы, жөндеу жұмыстары жүргізілген екі маусымда «Тұран» өз алаңындағы кездесулерді Шымкент қаласындағы стадионда өткізіп жүр.