Павлодарлық жаттықтырушы 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Футбол
pixabay.com
Павлодар тұрғыны 10 жастағы қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Күдіктінің футбол жаттықтырушысы екені белгілі болды. Оқиғаға байланысты Павлодар облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
"Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.