«Жағымсыз жаңалығымен бөліспек»: Рыбакина жанкүйерлеріне мәлімдеме жасайды
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның өмірінде күрделі кезеңдер болып жатқан сыңайлы. Еліміздің бірінші ракеткасы алдымен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартып, бапкерін ауыстырды, содан соң АҚШ-та өткен жарыстарға қатыса алған жоқ. Инсайдерлер жанкүйерлерді тағы бір таңғаларлық жаңалық күтіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Отандық теннисші бұған дейіе Штутгартта сәтті өнер көрсетіп, неміс көлігін ұтып алған еді. Германиядағы аламаннан соң Рыбакина денсаулығына қатысты жиі шағым айтып, жарыстарға қатысудан бас тартып жүрді. Tennis Connected өзінің X-тегі парақшасында 25 жастағы спортшы тағы бір көңіл құлазытатын жаңалығын жеткізетінін мәлімдеді.Дереккөз бұдан басқа ақпарат беруден бас тартып, жағдайдың күрделі екенін айтқан. Жанкүйерлердің кейбірі Рыбакина допинг-тестілеуден өте алмады деген болжам жасаса, енді бірі бұл денсаулығына қатысты деп топшылады. Дегенмен инсайдер мұның бәрін жоққа шығарып, жуық арада Рыбакина бәрін өзі жариялайды дегенді алға тартты.