«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Парфенов қызметінен кетті

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Парфенов қызметінен кетті
Футбол

avestnik.kz

«Ақтөбе» футбол клубы өзара келісім аясында Дмитрий Парфеновпен арадағы келісімшартты үзді. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл басында 49 жастағы ресейлік маман «Ақтөбе» тізгінін ұстады. Қазір команда турнирлік кестеде екінші орында тұр. Сондай-ақ Парфеновтың басшылығымен команда Қазақстан Кубогының финалына шықты. Мамыр айының «Үздік бапкері» жүлдесін жеңді. 

Алайда кеше «Ақтөбе» өз алаңында Семейдің «Елімай» командасына 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ақтөбеліктер қатарынан төрт ойында жеңіске жете алмай келеді.

Дмитрий Парфенов 1974 жылы дүниеге келген. Ол Ресейдің «Спартак» командасының намысын қорғап, Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанған. 1996-2004 жылдары Украина ұлттық құрамасында ойын көрсетті. 2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Текстильщик» (Иваново) клубын баптап, «Тосно» (Санкт-Петербург) ұжымымен Ресей кубогін жеңіп алды. Одан бөлек, ресейлік «Урал» клубымен де ел кубогының финалына дейін жетті. Сондай-ақ тулалық «Арсеналды» жаттықтырды. 2022-2023 жылдарда «Родина» (Мәскеу) клубына Ресейдің бірінші лигасында басшылық жасады.