Конференция лигасы: «Астана» командасы «Челсимен» 12 желтоқсанда ойнайды

Конференция лигасы: «Астана» командасы «Челсимен» 12 желтоқсанда ойнайды
Футбол

Ашық дереккөз

Елордалық «Астана» командасының қатысуымен өтетін 2024/25 жылғы маусымдағы UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің ойын кестесі белгілі болды. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша қазақстандық клубқа Англияның «Челси», Кипрдің АПОЭЛ және «Пафос», Португалияның «Витория» (Гимарайнш), Уэльстің «Нью-Сейнтс» және Сербияның ТСЦ командасы қарсылас атанды.

Елордалық ұжым өз алаңында 3 қазанда ТСЦ, 28 қарашада «Витория», 12 желтоқсанда «Челси» командасын қабылдайды. Ал 24 қазанда сырт алаңда «Нью-Сейнтс», 7 қарашада «Пафос», 19 желтоқсанда АПОЭЛ клубтарымен кездеседі.