«Челси» келеді: «Астананың» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

«Челси» келеді: «Астананың» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Футбол

Астана ФК

«Астана» командасының Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Монакода 2024/25 жылға арналған Конференция лигасының жеребесі тартылды.   «Астана» жаңа форматқа байланысты негізгі кезеңде 6 ойын өткізеді. Оның үшеуі үйде, үшеуі қонақта өтеді. «Астаны» үйдегі ойындарда «Челси», «Витория Гимарайнш» және ТСЦ командаларын қарсы алады, ал АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафос» командаларына қонаққа барады. 


Ойындардың нақты қай уақытта өтетіні кейін белгілі болады.