Рыбакина US Open турнирін неге жалғастыра алмады

Рыбакина US Open турнирін неге жалғастыра алмады
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2024 турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Рыбакинаның қарсыласы, әлемнің 143-ракеткасы, 27 жастағы Франция өкілі Джессика Понше турнирдің үшінші кезеңіне өтті. Қазақтандық спортшы жарақатына байланысты АҚШ ашық чемпионатын жалғастыра алмады деп болжанып отыр.

US Open-2024 турнирі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Әйелдер арасында қазіргі чемпион - америкалық Кори Гауфф. Биылғы US Open тарихта жүлдеқоры ең үлкен теннис турнирі болмақ. Ойыншылар 75 миллион доллар алады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық.