Садақ атудан ел біріншілігінде түркістандық мергендер жүлделі орыннан көрінді
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Талдықорған каласында 12-18 тамыз күндері ересектер мен жастар арасында садақ атудан ел чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аса тартысты өткен дүбрілі додада Түркістан облысының ересектер құрамасы командалық есепте 3-орыннан көрінді. Өңір намысы үшін сынға түскен саңлақтар арасында Сабыржан Сансызбай, Бунед Мирзаметов, Розмат Мирсултанов сынды құралайды көзге атқан мергендер бар. Ал, түркістандық әйелдер құрамасы да жалпы командалық есепте 3-орынға жайғасты. Команда құрамында Виктория Лян, Жасмина Якубхаджаева, Лайло Бектаевалар өнер көрсетті.
Командалық сында ересектер арасындағы "микс" бағдарламасында да өңір спортшылары қола жүлде иегерлері атанды. Бұл сайыста Бунед Мирзаметов, Виктория Лян облыс намысын қорғады.