«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты
Футбол

Астана ФК

«Астана» UEFA Конференция лигасының топтық кезеңіне өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Елордалық клуб Конференция лигасының плэй-офф сатысында норвегиялық «Бранн» командасынан басым түсті.

Алғашқы кездесуде норвегиялық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.Қарымта ойында «Астана» керемет камбэк жасады.

Алматыдағы Орталық стадионда Григорий Бабаян жаттықтыратын команда футболшылары 3:0 есебін тіркеді.

Алғашқы таймда қос команда 0:0 есебіне қанағат білдірді. Дегенмен кездесудің екінші бөлігінде Чинеду Джеффри дубль авторы атанды. Ойынның 61-минутында бірінші голын соқса, 81-минутта есепті еселеп, таразы басын теңестірді.

Матчтың қосымша бөлігінде алаң жиегінен қосылған қазақстандық шабуылшы, елордалық клубтың түлегі Рамазан Кәрімов жеңісті голды соқты. 

Екі ойын қорытындысы бойынша «Астана» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.