Кирилл Герасименко командасына жеңіс сыйлады

Кирилл Герасименко командасына жеңіс сыйлады
Теннис

Vesti.kz

Үстел теннисінен неміс Бундеслигасында 2024/2025 жылғы маусымның матчтары басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші өнер көрсететін «Вердер» (Бремен) командасы өз алаңында дортмундық «Боруссия 09» командасын 3:1 есебімен басым түсті. 

Нәтиже төмендегідей:

Кирилл Герасименко - Седрик Нуйтинк 3:1

Марсело Агирре - Андерс Линд 0:3

Маттиас Фальк - Юнъин Ли 3:0

Кирилл Герасименко - Андерс Линд 3:2.