Англия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы өмірден өтті

Англия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы өмірден өтті
Футбол

GLOBAL LOOK PRESS

Швециялық футбол маманы, жаттықтырушы Свен-Йоран Эрикссон 76 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ол дүйсенбі күні үйінде отбасының жанында көз жұмды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Англия құрамасын басқарған алғашқы шетелдік Эрикссон Италияда, Португалияда және Швецияда клуб деңгейіндегі жетістіктерімен танымал болды. Ол ұйқы безінің қатерлі ісігімен 8 айлық күрестен кейін қайтыс болды. Швецияда «Свеннис» деген атпен танымал Эрикссон 27 жасында футболшы мансабын тастап, жаттықтырушылықты қолға алған. Оның ең үлкен жетістіктері 2001 жылдан 2006 жылға дейін басқарған Ағылшын құрамасында болған сәт еді.

Оның жетекшілігімен Дэвид Бекхэм, Стивен Джерард және Уэйн Руни сынды ағылшын футболшылары 2002 және 2006 жылғы әлем чемпионаттарының ширек финалына және Еуро-2004 ширек финалына дейін жетті. Свен-Йоранның бапкер ретіндегі қызметі тек футболдағы жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар британиялық баспасөздің назарында болған жеке өмірімен де ерекшеленді. Эрикссон швед тележүргізушісі Ульрика Йонссонмен және Футбол қауымдастығының хатшысы Фариа Аламмен жақын қарым-қатынаста болған.