Қазақстандық жас теннисшілер екі ірі жарыста топ жарды
ҰОК
Қазақстандықтар Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жалғасбай Барселонада (Испания) J 100 жарысында жеңімпаз атанды.
Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко – испаниялық Ноа Лопезді 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Жекелей сында Дамир финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске жол берді – 4:6, 1:6.
Өткен аптада Дамир Польшада J 100 додасында озып шығып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді. Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J 100 турнирі аяқталды.
Қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион болды. Қазақстандықтар финалда ресейліктер Алена Харченко – Кира Плишвитчеваны айқын басымдылықпен жеңді – 6:3, 6:1.