Рыбакина бапкерін ауыстыруды дұрыс деп шешті
Теннис
Фото: wtatennis/Jimmie48
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковтің қарамағында жаттықпайтын болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз бапкерін ауыстыратынын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және болашақта оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», - деді Елена.
Айта кетейік, Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 180-орында тұрған аустралиялық Дестани Айявамен ойнайды.