Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Врнячка-Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева – словениялық Жива Фалкнер доданы бірден ширек финалдан бастады. Қазақстандық-словениялық жұп испаниялық Ана Гиралди Регуена – ирандық Мешкатолзахра Сафиды 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Ойын сағат жарымға жуық уақытқа созылды. Ж.Құламбаева – Ж.Фалкнердің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады. Жібек осы додада жекелей сында сәтті өнер көрсете алған жоқ. Ол алғашқы айналымда-ақ дүниежүзілік рейтингіде 412-орында тұрған франциялық Сара Цакаревичке жол берді – 4:6, 4:6. Бір апта бұрын Куршумлия-Баняда Құламбаева дәл осы теннисшіні 6:1, 6:3 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан еді.