Талдықорғанда садақ атудан Қазақстан біріншілігі аяқталды

Талдықорғанда садақ атудан Қазақстан біріншілігі аяқталды
Спорттық ату

ҰОК

Талдықорған қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Еліміздің барлық аймағынан жиналған 200-ге жуық мерген Жетісу облысында бас қосты. Бұл жарыстан Шымкент қаласының мергендері де тыс қалмады.

Жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындары Жетісу облысы алтыннан алқа тақты. Екінші орынды Шымқаланың сұрмергендері иеленді. Үздік үштікті Ақмола облысының мергендері түйіндеді.