Конференция лигасы: «Астана» норвегиялық «Бранн» командасымен кездеседі

Конференция лигасы: «Астана» норвегиялық «Бранн» командасымен кездеседі
Футбол

sports.kz

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық «Астана» Норвегияның «Бранн» командасымен қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу 14 тамызда Берген (Норвегия) қаласында жергілікті уақытпен 22:00-де басталып, «Sports+» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Аталған ойында бас төреші міндетін словениялық Давид Шмайц атқарады. Оған Александар Касапович пен Давид Габровец көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Александар Маткович. «Астана» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы айналымда Молдованың «Милсами» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырса, одан кейін Румынияның «Корвинул» командасынан (2:1, 6:1) басым түсті.

«Бранн» командасы Берген қаласында 1908 жылы құрылған. Норвегия чемпионатында үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Бүгінге дейін еурокубок ойындарында бірнеше мәрте бақ сынады. 2007/08 жылғы маусымда UEFA кубогының топтық кезеңінде өз тобында үшінші орын алды.

Биыл еурокубоктық ойын маусымында Конференция лигасы екінші және үшінші іріктеу кезеңінде Нидерландтың «Гоу Эхед Иглз» клубы (0:0, 2:1) және Шотландияның «Сент-Мирренз» командасын (1:1, 3:1) қапы қалдырды.