Головкин танымал боксшы Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізе ме

Головкин танымал боксшы Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізе ме
Бокс

ua.tribuna.com

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге бірінші орта салмақтағы WBA және WBO титулының иегері Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу ұсыныс түсті, деп хабарлайды Bassport.kz Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Головкин бұған дейін 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль Альвареспен жұдырықтасқан еді. Сол кезде Геннадий төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Генаның еншісінде 42 жеңіс (37 нокаут), бір тең есеп және қос жеңіліс бар. Кроуфорд болса соңғы рет 4 тамыз күні Лос-Анджелесте (АҚШ) Исраил Мадримовтан басым түскен.

Теренс өз мансабында 41 жеңіске жеткен, оның 31-ін нокаутпен аяқтаған.