«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев қызметінен кетті

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев қызметінен кетті
Футбол

betnews.by

Шымкенттік «Ордабасы» 51 жастағы беларусь маманы Александр Седневтің негізгі құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Шахтерге» қарсы кездесу оның «Ордабасы» тізгініндегі соңғы кездесуі болды.

51 жастағы маман клубты 2021 жылдың қаңтарында басқарды. Оның жетекшілігімен шымкенттіктер 129 кездесу өткізіп, оның 63-інде жеңіске жетіп, 28 кездесуде тең түсіп, 38 рет қарсыластарына есе жіберген.