Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері мәлімдеме жасады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері мәлімдеме жасады
Бокс

ҚБФ

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жұмыс жоспарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Мемлекет және Қазақстан бокс федерация басшылығы жағынан сенім білдіріп жатқанына алғысымды айтамын. Бұл тұрғыда бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар. Ол проблемаларды Париж Олимпиадасында көрдік. Ең біріншіден, жаттығу жоспарларының дұрыс құрылмауы мен командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының өтпеуі себебінен», - деді Қ. Сәтжанов. 

Оның айтуынша, алға ауқымды жоспар қойылып отыр. Біріншіден, жасөспірімдер, жастар командаларына бірдей көңіл бөлу, сондай-ақ Қазақстандағы іріктеу жарыстарының әділ өтуіне екпін қойылмақ.

«Жаттығу жиындарының барлығын бір жүйеге келтіру жоспарланған. Команда жұмысын жақсарту бағытында шетелден мамандарды шақыртуды ойластырып отырмыз. Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері болу жолында елге қызметуге, ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді ол.