Бақыт Сәрсекбаев: Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу керек

Бақыт Сәрсекбаев: Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу керек
Бокс

instagram.com/b.sarsekbayev

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ боксындағы күрмеулі мәселе туралы жазды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

“Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға көп рахмет. Мен бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет. Жазғаным жазған, қоймаймын, айта беремін. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сәтжанов келер... Дәл қазір бокс тізгінін ұстауға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең жарығын өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай шаруа емес. Не де болса жаңа басшыға қажымас қайрат, сәттілік тілейік, - деп жазды танымал боксшы.