Конференция лигасы: «Астана» мен «Корвинул» арасындағы кездесудің төрешілер құрамы белгілі болды

Конференция лигасы: «Астана» мен «Корвинул» арасындағы кездесудің төрешілер құрамы белгілі болды
Футбол

Астана ФК

Футболдан Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Корвинул» (Румыния) кездесуінде түркиялық төрешілер қызмет атқарады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бас төреші міндеті Атилла Караогланға жүктелген. Оған Джейхун Сесигюзел мен Абдулла Эзкара көмектеседі. Төртінші төреші де түркиялық – Чагдаш Алтай.

Айта кетсек, «Астана» мен «Корвинул» (Румыния) кездесуі 14 тамызда Алматы қаласында өтеді. Матч жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында астаналық клуб қарсыласын 2:1 есебімен жеңген болатын. «Астана» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы айналымда Молдованың «Милсами» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырды.

Сондай-ақ аталған турнирдің үшінші іріктеу кезеңінде 15 тамызда шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Арменияның «Пюник» клубымен қарымта ойын өткізеді. Алғашқы кездесуде қазақстандық команда өз алаңында қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.