Бокс федерациясы бапкерлерді жаппай жұмыстан босату туралы жазбаға пікір білдірді
Бокс
ҚР бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында федерацияның вице-президенті Азиз Қожамбетов пен бокстан бапкерлер құрамын жұмыстан босату туралы жазба жарияланып, бірден өшірілді. Бұл жайтқа қатысты бокс федерациясының өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз: Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов; Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов; Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев; Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп; Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус», - діленген ресми жазбада. Алайда аталмыш жазба бірер минуттан соң желіден өшірілді. Федерация парақшасындағы бұл ақпарат бірден қызу талқыға түсті. Nur.kz тілшісі аталмыш жазбаға қатысты федерация өкілдерінен пікір алды. Олар тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанастпайтынын айтты. «Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Қазақстан боксында жақында өзгерістер болады. Ол туралы алдағы күндері ресми түрде хабарлаймыз», - делінген ресми хабарламада.