Abai Joly 100 miles ультрамарафоны сәтті аяқталды
Үкіметтің шешімімен 10 тамыз Абай күні болып белгіленген. Ұлы ақын шығармашылығын, спорт және саламатты өмір салтын насихаттау аясында «Abay Joly 100 miles» ультрамарафоны өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарысты ұйымдастырушы Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестік, ерекше қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті.
Жарысқа 172 желаяқ қатысты. Олар Астана мен Алматы қалаларынан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Баянауыл мен Екібастұздан келді. Семей қаласы мен Абай облысының өкілдері болды. Олардың бәрі тәжірбиелі желаяқтар, әрқайсысы чемпион болып жүрген спортшылар.
Жарысқа қатысушылардың көбі Шәкәрім университетінің оқытушылары мен студенттері. Ультрамарафонның Семейден Бөріліге дейін 50 миль, яғни 80 шақырымдық қашықтықтың демеушісі Шәкәрім университеті болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жалпы сомасы 1 500 000 теңге құрайтын ректорат тарапынан тағайындалған қомақты ақшалай сыйақы берілді.
Жарыстың демеушісі Pit Food бренді 6 км. жарыс жеңімпаздарын ақшалай марапаттады.