Әсем Орынбай стенд атудан іріктеу cынының алғашқы айналымына қатысты

Әсем Орынбай стенд атудан іріктеу cынының алғашқы айналымына қатысты
Спорттық ату

Olympic.kz

Париж Олимпиадасында стенд атудан (скит) әйелдер арасындағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған спорт түрінен Қазақстан сапынан Әсем Орынбай қатысуда. Бүгін ол іріктеуде бақ сынады.

Мүмкін болған 75 ұпайдан 67 ұпай жиған Әсем аралық нәтижеде 23-орынға тұрақтады.

4 тамыз күні іріктеудің екінші айналымы өтіп, финалға шыққан спортшылар анықталады.