Париж-2024: Эдуард Ещенко іріктеу кезеңінен ары аса алмады

Париж-2024: Эдуард Ещенко іріктеу кезеңінен ары аса алмады
Спорттық ату

Olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Эдуард Ещенко іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Отандасымыз скит бәсекесінің іріктеу сынынан ары аса алмады. Жарысқа жалпы саны 30 спортшы қатысты.

Эдуард Ещенко 115 ұпай жинап, жалпы есепте 26-орынға жайғасты.  Сонымен қатар тағы бір қазақстандық спортшы Мария Дмитриенко трап сайысында 10-орыннан көрініп, ол да финалдық кезеңнен тыс қалды. 

Енді стенд ату спортынан тағы бір отандасмыз Әсем Орынбай сынға түседі.