Олимпиада жүлдегері Нариман Курбанов әке атанды

Олимпиада жүлдегері Нариман Курбанов әке атанды
Басқа

Фото: instagram.com/n_kkz

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов пен Қазақстан құрамасының спорттық гимнастикадағы көшбасшыларының бірі Аида Бауыржанова тұңғыш рет ата-ана атанды, деп хабарлайды Bassport.kz NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықпен Нариман Курбанов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Спортшы жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялап, жазбаға «Балапаным» деген қысқа ғана жазу қалдырған.

Әзірге ерлі-зайыптылар сәбиге қандай есім бергендерін жариялаған жоқ. Алайда желі қолданушыларының құттықтауларына қарағанда, жас отбасында қыз бала дүниеге келген.

Айта кетейік, Нариман Курбанов пен Аида Бауыржанова биыл ақпан айының соңында ата-ана атанатындарын хабарлаған болатын. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде қос спортшы шаңырақ көтерді.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы Олимпиада жүлдесін иеленген алғашқы гимнаст атанған еді.