Париж-2024: Махмұд Сабырхан испаниялық боксшыдан жеңіліп қалды
Prosports.kz
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабыханның 1/8 финалдағы қарсыласы испаниялық боксшы Хосе Кулес Бротос болды. Өкінішке қарай Сабырхан бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Енді Хосе Кулес ширек финалда өзбекстандық Абдумалик Халоқовпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 3 тамызға жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалына қазақстандық Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5), Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг) шыққан еді. Ал, Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) үшін турнир аяқталды.