Париж-2024: Мария Дмитриенко іріктеудің алғашқы кезеңінен сәтті өтті
Спорттық ату
Olympic.kz
Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеудің алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Дмитриенко "трап" бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есебі 73 ұпай жинаған. Іріктеудің екінші кезеңіне алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады. Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.
Енді Дмитриенко финалға шығу үшін ертең өтетін іріктеу айналымында алтылыққа енуі керек.