Александр Бублик Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінің себебін тсіндірді

Александр Бублик Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінің себебін тсіндірді
Теннис

Владислав Семенов

Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік бар еді. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", - деді Бублик.