Максим Самородов ресейлік команда сапына ауысуға жақын

Максим Самородов ресейлік команда сапына ауысуға жақын
Футбол

Vesti.kz

«Ақтөбе» футбол командасы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ресейлік «Ахмат» командасының ойыншысы атануға жақын, деп хабарлайды Bassport.kz.

Sport24 сайтының хабарлауынша, трансфер құны 1 миллион еуроны құрап, келісім-шарт 4 жылға жасалады.

Ойыншы апта ортасында Грозныйда медициналық тексеруден өтеді.

Биылғы маусымда Самородов Қазақстан чемпионатында 12 кездесу өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.