Бокс: Айбек Оралбай Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады

Бокс: Айбек Оралбай Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады
Бокс

olympic.kz

92 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз бірінші жекпе-жегінде нигериялық боксшы Адам Олаорені жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі. Еске сала кетейік, бұған дейін 63,5 келі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түскен еді.