Париж-2024: Қазақстандық садақшылар Олимпиаданы бастады

Париж-2024: Қазақстандық садақшылар Олимпиаданы бастады
Спорттық ату

Olympic.kz / Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсіп жатыр. 

Қазақстандық садақшылардың нәтижесі төмендегідей:

Ильфат Абдуллин - 29 орын;

Дәулеткелдi Жаңбырбай - 22 орын;

Александр Еременко - 59 орын.

Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласуда.

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.