Суперкомпьютер Қазақстанның Парижде қанша медаль алатынын болжады

Суперкомпьютер Қазақстанның Парижде қанша медаль алатынын болжады
Басқа

Prosports.kz

Спорттық іс-шаралардың деректері мен болжамдарын сараптайтын Nielsen Gracenote компаниясы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан қанша медаль алатынын болжады, деп хабарлайды BasSport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, суперкомпьютерлік есептеулер бойынша Қазақстан Олимпиаданы он медальмен аяқтайды: екі алтын, үш күміс және бес қола. Gracenote болжамы бойынша медальдар кестесінің көшбасшысы 112 жүлдемен АҚШ (39-32-41), одан кейін Қытай - 86 (34-27-25), ал Ұлыбритания 63 жүлдемен (34-27-25) үздік үштікке кіреді. Gracenote деректері 2020 жылғы Токио Олимпиадасынан кейінгі спортшылардың жетістіктерін талдауға негізделген. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада 26 шілдеде басталады, Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады.