Стенд атудан АҚШ-тағы екі турнирде қазақстандық спортшылар 6 медаль жеңіп алды

Стенд атудан АҚШ-тағы екі турнирде қазақстандық спортшылар 6 медаль жеңіп алды
Спорттық ату

Olympic.kz

АҚШ-тағы Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында отандастарымыз 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені еншілеген. Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші орын алды.

Сондай-ақ Конченко Гран-при турнирінде алтын жүлдеге қол жеткізді. А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті. Сонымен қатар Наргиза Сарманова қола медаль иеленді.