Теннистен екі қазақстандық төреші төрелік етеді
Теннис
Olympic.kz
Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко теннистен Париж Олимпиадасындағы төрешілер құрамына енді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбеде отыратын төрешілер.
Кәукеева мен Игнатченко екінші мәрте Олимпиадаға барғалы отыр. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткен болатын.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.