«Ақтөбе» ойыншысы жанкүйерлерінен кешірім сұрады

«Ақтөбе» ойыншысы жанкүйерлерінен кешірім сұрады
Футбол

Sportplustv.kz

Әділхан Таңжарықов «Ақтөбе» командасының Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі сәтсіз ойынынан кейін жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Бір апта бойы осы ойын туралы ойлаумен болдық. Жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Өздеріңіз көрдіңіздер, бұл ойында бар күшімізді салдық. Пенальти сериясына дейін бардық. Алайда сәттілік жолдас болмады. Үшінші голды соғып, неге бірден өз қақпамызға жібердік? Қорғаныста дұрыс ойнамаған болармыз, білмеймін. Сол эпизодты қайта қарап, саралауымыз керек. Пенальти? Қарсылас, бәлкім, Қасым, Ромеро және Самородов сияқты ылғи пенальти тебетіндердің соққыларына дайындалған шығар. «Ақтөбе» жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Келесі кезеңге өткіміз келді, бірақ бұйырмады», - деп жазды футболшы.