Лига кубогы: «Астана» командасы «Шахтерді» ойсырата жеңді

Лига кубогы: «Астана» командасы «Шахтерді» ойсырата жеңді
Футбол

Vesti.kz

Елордалық клуб футболшылары сырт алаңда қарағандылық «Шахтер» командасын 2:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Лига кубогы аясында өткен ойында қос команда тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. «Астанаға» жақында ауысып келген Чинеду Джеффри хет-трик жасаса, Грипши де мергендігімен көзге түсіп, жаңа командасының жеңіске жетуіне үлесін қосты. Ал, кеншілер қатарынан елордалық клубтың бұрынғы ойыншысы Каньяс пен «Шахтердің» жаңа ойыншысы Евгений Козлов гол соқты.