Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жиынын аяқтады

Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жиынын аяқтады
Жүзу

Olympic.kz

Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Олимпиада алдындағы жаттығу жиындарын тәмамдады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, екі спортшы 1-18 шілде аралығында Түркияның Белек қаласында жаттыққан. 

Спортшылар жақын арада Олимпиада ойындарына қатысу үшін Франция астанасына аттанады.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.