«Реал Мадрид» Килиан Мбаппені ресми түрде таныстырды

«Реал Мадрид» Килиан Мбаппені ресми түрде таныстырды
Футбол

Реал Мадрид ФК

Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық «Реал Мадрид» командасының ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Сантьяго Бернабеу» стадионында бүгін франциялық футболшыны таныстыру рәсімі өтті. Салтанатты шараны тамашалауға 80 мыңнан астам жанкүйер жиналды. 

Килиан ПСЖ сапынан «Реал Мадрид» клубына еркін агент ретінде ауысты. Жаңа командасында 9 нөмірлі жейдемін ойнайтын Килиан Мбаппе клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды.