Путинцева әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына енді
Теннис
REUTERS
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Уимблдон турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Рыбакина 4-орнын сақтап қалды. Ал, аталған додада әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңіп, бірінші рет төртінші айналымға шыққан Юлия Путинцева 35-тен 29-орынға көтерілді. Осылайша отандасымыз өзінің үздік көрсеткішіне (27) жақындай түсті.
Уимблдонның іріктеу сайыстарында өнер көрсеткен Зарина Дияс 966-дан 702-орынға көтеріліп, көрсеткішін жақсартты.