EURO-2024: Англияны қапы қалдырған Испания құрамасы чемпионы атанды

EURO-2024: Англияны қапы қалдырған Испания құрамасы чемпионы атанды
Футбол

UA-Football

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Испания мен Англия құрамалары кездесіп, кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Кездесудің алғашқы кезеңінде гол соғылмағанымен, екінші таймда футбол жанкүйерлері 3 голдың куәсі болды. Алдымен Испания құрамасының сапынан Нико Уильямс көзге түсті. Ол Ламин Ямалдың пасын голға айналдырды. Ойынның 73-минутында қосалқы құрамнан шыққан англиялық ойыншы Коул Палмер таразы басын теңестіргенімен, 86-минутта испаниялық шабуылшы Микель Оярсабаль жеңіс голын соғып, Испания құрамасына жеңіс сыйлады. 

Осылайша Испания Англия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, төртінші мәрте Еуропа чемпионы атанды.