Президент Геннадий Головкинді қабылдады

Президент Геннадий Головкинді қабылдады
Бокс

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Головкин мемлекет басшысына ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берді.Ол сондай-ақ ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, салалық білім беру жобалары туралы баяндады.

Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.