Дмитрий Попко Румыниядағы турнирдің жартылай финалына өте алмады

Дмитрий Попко Румыниядағы турнирдің жартылай финалына өте алмады
Теннис

insporttv.kz

Қазақстандық теннисші Яссыдағы турнирдің ширек финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Аталған бәсекеде отандасымыз франциялық Энцо Кокодан үш сеть қорытындысы бойынша (7:6, 2:6, 6:7) жеңіліп қалды.

Тартысқа толы ойын 2 сағат 40 минутқа созылды.

Айта кетейік, жартылай финалда Коко испаниялық Хавьер Барранкомен шеберлік байқасады.