Асланбек Шымбергенов: Арманымды орындау үшін бар күшімді саламын

Асланбек Шымбергенов: Арманымды орындау үшін бар күшімді саламын
Бокс

Olympic.kz

Париж Олимпиадасында Қазақстанның туын алып шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов төртжылдықтың басты додасында жақсы өнер көрсету үшін аянып қалмайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

«Әрбір спортшының арманы - Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алу. Менің де арманым осы. Сол арманымды орындау үшін бар күшімді саламын. 2004 жылы Бақтияр Артаев ағамыз Олимпиада чемпионы болған соң, туған ағам мені бокс секциясына ертіп келді. Содан бері жаттығып, спорттың бұл түрі өзіме ұнап қалды. Енді, міне, жазғы Олимпиадада еліміздің туын көтеріп шықпақпын. Ең бірінші кезекте бұл үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Туымызды желбіретіп барып, желбіретіп қайтамыз», - деді Шымбергенов. 

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда қатысады.