Колумбия Америка кубогының финалына шықты

Колумбия Америка кубогының финалына шықты
Футбол

Championat.com

Америка кубогының жартылай финалдық кездесуінде Уругвай құрамасы Колумбиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Жефферсон Лерма салды. Ол кездесудің 39-минутында Хамес Родригестің пасын пайдасына жарата білді. Осылайша Лерма ойынның басты қаһармандарының бірі атанып шыға келді. 

Енді 15-шілдеде Аргентина мен Колумбия финалда кездесіп, кім мықтыны анықтайды.